«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Т.Рысқұлов ауданының Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Құлан Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға М.Тлепов
Хатшы А.Садық
Құлан ауылы
09 сәуір 2025 жыл
№1