Қазақстанда жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу қызметіне сұраныс артты
2024 жылы Қазақстанда жылжымалы мүлікті кепілге қою бойынша 50 902 қызмет көрсетілді. Ал 2023 жылы 28 072 қызмет көрсетілген, яғни 2024 жылы қызметтердің саны 22 830-ға артып, өсім 44,8% құрады.
Жылжымалы мүлікке жылжымайтын мүліктен басқа кез келген мүлік жатады. Олардың қатарына көлік құралдары, ақша, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар және басқа да активтер кіреді.
Заң бойынша автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникасы, әуе және теміржол көліктері міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай мүлік кепілге қойылған жағдайда, тіркеу тиісті уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады.