Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік: құқық қорғау органдарының өкілдері Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне және осындай әрекеттердің алдын алудың маңыздылығына бағытталған профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға филиалдың басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Ербол Бақтықожаев, облыс прокурорының аға көмекшісі Ернұр Берікұлы және ҚР Бас прокуратура комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының прокуроры Нұрлан Елжан қатысты.