АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылдың қорытындысы бойынша отандастарымыздың инвестициялық кірісі зейнетақы жарналарының көлемінен асып түсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс 3,4 трлн теңгеге жетті. Бұл шамамен 2,8 трлн теңге болатын зейнетақы жарналарының жалпы көлемінен асып түсті. 2024 жылғы инвестициялық кіріс өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсетті: 1,8 трлн теңге немесе 114,5%.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 3,3 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті. Бұл шамамен 2,6 трлн теңге болатын осы жарналардың көлемінен артық.