АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың 2024 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,78 трлн теңгеге жетті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтардың 2024 жылдың 11 айындағы

таза инвестициялық кірісі 2,78 трлн теңгеге жетті

 

2024 жылдың 11 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,78 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,53 трлн теңгеге немесе 123% артық.

 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,76 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсіп, 2,29 трлн теңге мөлшеріндегі осы жарналардың көлемінен асып түсті.

Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 14,24 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі – 204,12 млрд теңге.                

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың 2024 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,78 трлн теңгеге жетті
Дата публикации
15 января 2025