Аңдатпа «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз

Аңдатпа

 

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз

 

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».

ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері сағат 10-00, 14-00, 16-00 де өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін  және event-кеңестің құпиясөзін  енгізіңіз.

Аңдатпа   «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
Дата публикации
17 декабря 2024