АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты

 

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері - 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері - 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты
Дата публикации
17 декабря 2024