Қаржылық пирамидалар дегеніміз не
және оны қалай анықтаймыз?
Қаржылық пирамидалар дегеніміз не және оны қалай анықтаймыз?
Пирамида ағылшын тілінен аударғанда «монументтік құрылғы» -деген ұғымды білдіреді. Қаржы компаниялары колданатын женіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданың» төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. "Пирамида" ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда төменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа "пирамиданы" құруға кіріседі.
Қаржы пирамидасының ерекшелігі – тез және оңай ақша табу туралы уәде. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында нақты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер.
Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты, ол қызметін 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады. Мысалы, пирамида түріндегі әйгілі Madoff Investment Securities (АҚШ) инвестициялық компаниясы 48 жылға созылды (1960-2008).