2024 жылғы 24 қарашада Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2 152 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1 121 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Көгершін ауылдық округі бойынша:
Әмреев Берік Үшкемпірұлы үшін сайлаушылардың 61 дауысы берілді,
Қартанбаев Ғабит Жүнісбекұлы үшін сайлаушылардың 942 дауысы берілді,
Мұсаханов Марғұлан Сырымұлы үшін сайлаушылардың 72 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 16.
Сайлау қорытындыларымен: Көгершін ауылдық округінің әкімі болып Қартанбаев Ғабит Жүнісбекұлы сайланды. 1989 жылы туған, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының тұрғыны.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы