|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
Оңтүстік Кореяның Ұлттық зейнетақы қызметі:
тәжірибе алмасу, жаңа шешімдер және Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою
2024 жылдың 3-5 қыркүйек күндері аралығында "БЖЗҚ" АҚ өз кеңсесінде NPS зейнетақы операцияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонг бастаған Корея Республикасы Ұлттық зейнетақы қызметінің (бұдан әрі - NPS) делегациясын қабылдады. Мақсат - зейнетақымен қамсыздандыру саласында тәжірибе алмасу және екі елдің зейнетақы жүйелерінің үлгілерін, сын-тегеуріндер мен өзекті мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ, халықты зейнетақы жүйесімен барынша қамту бойынша өзара ынтымақтастық келешегін талқылау.
Кездесу барысында "БЖЗҚ" АҚ өкілдері Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, оның құрылымы мен негізгі көрсеткіштері, демографиялық үрдістер, БЖЗҚ міндеттері, зейнетақы активтерін басқару үлгісі туралы баяндады. БЖЗҚ-ның жаһандық трендтерге сүйене отырып, халыққа қашықтықтан көрсететін қызмет арналарына және цифрлық қызметтеріне ерекше назар аударылды.