Т.Рысқұлов ауданында Көгершін ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына,  21-бабының  4-тармағына, 22-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Көгершін ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Құлан Таңы» газетінде жариялансын.

 

             Төраға                                                    М.Тлепов

             Хатшы                                                   А.Садық

 

 

 

  

Құлан ауылы

2024 жылғы 16 қазан

№ 2

Дата публикации
16 октября 2024