Жамбыл облысында жаңадан туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер аталды
2024 жылдың өткен 9 айында Жамбыл облыстық АХАТ бөлімінде 7966 туу туралы акт жазбалары тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» Филиалының хабарлауынша, жаңа туған ұлдар арасында- Айсұлтан есімі, қыз балалар арасында - Асылым есімдері танымал болған.
Айта кетейік, биылғы жылы өңірде Айсұлтан есімімен 189 ұл бала тіркелді. Мұхаммед есімімен 182 бала тіркелсе, үшінші орынға аз ғана айырмашылықпен Мухаммад есімді 180 бала жайғасты.
Ал қыз балалар арасында танымал есімдер – Асылым (290), Медина (287) және Айлин (280).
Жаңа туған нәрестелер арасында Алихан, Алдияр, Амир, Омар, Айша, Айым, Аяла, Айкөркем есімдері де жиі кездеседі.