Кадастрлық төлқұжатты қалай алуға болады?
Жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесінің бірігуіне байланысты 2023 жылы құжаттың жаңа түрі - кадастрлық паспорт пайда болды.
Кадастрлық паспорт - бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының мәліметтерін қамтитын құжат. Ол электронды түрде де, қағаз түрінде де берілуі мүмкін.
Бұл құжатта мекен-жайы, мекен-жайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, үй сериясы, үйдің қабаты, пәтердің қабаты, ауданы: (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлмелер саны және қабырға материалы қамтылады. Кадастрлық паспорт көбінесе жаңа объектілерге рәсімделеді.