АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Болашақ зейнетақымызды болжаймыз және жоспарлаймыз:
зейнетақы калькуляторы және зейнетақы жинақтарының жеке жоспары
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде БЖЗҚ кезекті "Ашық есік күніне" шақырады. Кездесудің тақырыбы - "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары".
Өздеріңізге белгілі, бүгінде көптеген жастар 30-40 жылдан кейін, яғни зейнет жасына толғанда не күтіп тұрғанын ойлап, бас қатырмайды. Алайда, дәл жас буын өкілдеріне еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қарттық шағында лайықты деңгейде өмір сүруі үшін осы бастан қамдану керек. Өйткені 1998 жылға дейін жұмыс өтілі жоқ қазақстандықтар мемлекеттен берілетін ортақ зейнетақыны ала алмайды және олардың болашақ зейнетақысының мөлшері негізінен зейнетақы қорындағы жеке жинақтарына тәуелді болады.