«Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына, ҚР Жер  Кодексінің 35 бабының 2 тармағы, 43 бабына және аудандық жер қатынастарын  реттеу комиссиясының 2024 жылғы 23 шілдедегі отырысының №477 қорытынды хаттамасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына, ҚР Жер Кодексінің 35 бабының 2 тармағы, 43 бабына және аудандық жер қатынастарын реттеу комиссиясының 2024 жылғы 23 шілдедегі отырысының №477 қорытынды хаттамасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан - Қытай» магистралдық газ құбыры (С-желісі) желісінің жер үсті объектілерін пайдалану үшін ауданның жер қорынан жалпы ауданы 7,3112 га жер телімін 20 жыл ұзақ мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына қауымдық сервитут қосымшадағы жерге орналастыру жобаларына сәйкес орнатылып берілсін. 2. Жер телімдері бөлінеді және шектеулер мен ауыртпалықтар: өткелдерден кедергісіз өту қамтамасыз етілсін деп танылсын. 3. «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Еспенов Келісілді: Ә.Терлікбаев _______________ Д.Оразбайқызы_______________ Б.Есеев __________________ Т.Мамырбай _____________ Ж.Қалиев _________________ А.Аблаева ____________
Дата публикации
10 сентября 2024