Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
ХАБАРЛАМА
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 73.
телефон: 8(72631) 2-16-00
Комиссия төрағасы – Тлепов Манарбек Әміреұлы;
Төрағаның орынбасары – Көпбаев Нұрлан Талғатұлы;
Хатшысы – Садық Айбек Мейржанұлы;
Комиссия мүшелері: Әлібаев Ералы Ермекұлы;
Құралбаев Ернар Сабитбекұлы;
Нұрмағамбетова Гүлжазира Ғабитқызы;
Тантаев Нұрдос Шәпетқұлұлы.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясы