«Сақ стилі» сериясына жататын номиналы 5 000 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері

Сақ стилі» сериясына жататын номиналы 5 000 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері

 

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.

Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Қазақстан Ұлттық Банкі 5 000 теңге жаңа дизайндағы банкноттың негізгі қорғаныш элементтері туралы хабарлайды, олар осы банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.

«Сақ стилі» сериясына жататын номиналы 5 000 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген. Қазақстан Ұлттық Банкі 5 000 теңге жаңа дизайндағы банкноттың негізгі қорғаныш элементтері туралы хабарлайды, олар осы банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі. 1) Алтын интаглио – ҚР Елтаңбасы алтын түсті металл бояумен жоғары бедерлі қабатта басылған. 2) Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі - Банкноттың бет жағының шеттерінде жанасу арқылы жақсы сезілетін шығыңқы жоғары бедерлі элементтер бар. 3) Екі түсті қорғаныш жібі – Бакноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде қызыл және көк түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады. 4) Патч - «Бүркіт» артефактының көлемді бейнесі. Банкнотты аударған кезде номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және күн белгісі сәулелерінің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері. 5) Иридисцентті бояу – Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бет жағында алтын түстес және сырт жағында қызыл түстес жылтыры бар арнайы бояулармен басылған элементтер. 6) Жергілікті электротип сутамғы белгісі – Өтпелі жарықта номиналдың бейнесінен тұратын электротип сутамғы белгісі анық көрінеді. 7) Спарк – Элемент банкноттың сырт жағында «Бүркіт» артефактінің көлемді бейнесі түрінде орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде түсі алтыннан нефрит түсіне ауысады. Номиналы 5 000 теңге банкнотасының қорғаныш элементтері туралы ақпараттық материалды ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтынан www.nationalbank.kz көріп, танысуға болады. ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі
Дата публикации
28 августа 2024