Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 10 000 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 28 маусымнан бастап 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы номиналды құны 10 000 теңге болатын банкнотты айналымға шығарғаны белгілі.
Бұл "Сақ стилі" жаңа сериясының екінші банкнотасы болып табылады. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилінің" элементтеріне негізделген.
Қазақстан Ұлттық Банкі 10 000 теңге жаңа дизайндағы банкноттың негізгі қорғаныш элементтері туралы хабарлайды, олар осы банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.
Мұндай тексеру банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.