АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 1 шілдедегі негізгі көрсеткіштеріне шолу:
салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 20 трлн теңгеге жетті
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды. Жыл басынан бері 01.07.2024ж. дейін олардың өсімі 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті.
Отандастарымыздың жинақтарының 96% МЗЖ есебінен қалыптастырылды, оның көлемі 01.07.2024ж. шамамен 19,3 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23,7%, жыл басынан бері-11,3%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 619,9 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 22,9%, жыл басынан бері - 9%). Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі - 6,5 млрд теңге.