АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Отандастарымыздың 2024 жылдың 6 айындағы таза инвестициялық кірісі
1,2 трлн теңгеден асты
2024 жылдың 6 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есеге (немесе 638,4 млрд теңгеге) артық және жыл басынан бері 1,3 трлн теңге көлемінде аударылған жарналардың деңгейіне жуықтап қалды.
БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінен түсіп, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілік 2024 жылдың 6 айында 6,59% көрсетті. Жыл басынан бергі 01.07.2024ж. дейін инфляция деңгейі - 3,9%. Егер БЖЗҚ-ның соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігін қарастырсақ, онда осы кезеңдегі инфляция 8,4% болған кезде кірістілік 13,08% көрсетті.