БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
- «БЖЗҚ» АҚ-ның онлайн көрсетілетін жаңа қызметтері туралы толығырақ айтып беріңізші. Бұл қандай қызметтер? Оларды қалай пайдалануға болады?
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізді.
Мысалы:
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) өтініш бере алады;
- БЖЗҚ салымшылары дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере алады, сондай-ақ, шоттардың болуы туралы анықтамаларды, МКЗЖ бойынша анықтамаларды, зейнетақы жинақтарының 50% қайтарылғанын растайтын анықтамаларды бір бөлімде қалыптастыра алады. Жаңа қызмет түрлерін рет-ретімен таныстырайық.