Жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін қалай алуға болады?
Баланың дүниеге келуі - әр отбасының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ата-аналар тууды тіркеу туралы өтінішті баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру қажет.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.