«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша
2024 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері:
барлық өлшемдер бойынша оң өзгеріс байқалды
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 19,2 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 5 ай ішінде 1,4 трлн теңгеге (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 трлн теңгеден асты (немесе 21,5%).
Жалпы зейнетақы қоржынында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақ 96% асады. Оның көлемі бір жылда 21% ұлғайып, 2024 жылғы 1 маусымға шамамен 18,6 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 601,7 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 21,5%). 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 45,6% ұлғайған ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттарда шамамен 6,2 млрд теңге жинақталды.