Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ): кім, қалай төлеуге міндетті?
2024 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шамамен 96,5% мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) уақытылы аудару есебінен қалыптасты.
БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен МЗЖ немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу жөніндегі агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, қызметкерге ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ға өз бетінше жүгінудің қажеті жоқ.
Әлеуметтік Кодексте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аударуды, олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндігі[1] көзделген.
1Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері