Ұлттық Банктің Жамбыл филиалы:
оның негізгі міндеттері мен функциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi біздің мемлекетіміздің орталық банкі болып табылады және банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Республикасындағы өзге банктердiң бәрі банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады және акционерлiк қоғамдар нысанында құрылған коммерциялық ұйымдар болып табылады. Ұлттық Банктiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi одан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін (бұдан әрі – ҚРА) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылды. Республика азаматтары осы екі мемлекеттік мекеменің құзыреттерін ажырата білулері керек.