«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартының талаптарына сәйкестігіне орай сыртқы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өткенін хабарлайды. Сәйкессіздіктер табылған жоқ.
ISO 9001 - бұл бүкіл әлем мойындайтын сапа менеджменті стандарты. Оның көмегімен барлық саладағы ұйымдар өз жұмысын жақсартып, тұтынушыларының көңілінен шығып, сапаға деген адалдықтарын көрсете алады. Оның талаптары сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құру, енгізу, қолдау және үнемі жақсарту тәртібін анықтайды.