2024 жылғы 2 маусымда өткен Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтері әкімдерін сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 2 маусымда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

Құлан ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 11702 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2466 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 3 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Құлан ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Жапар Бекболат Абитханович үшін сайлаушылардың 89 дауысы берілді,

Ускенбаев Копжасар Тулегенович үшін сайлаушылардың 183 дауысы берілді.

Сейтжапаров Еркин Серикханович үшін сайлаушылардың 2151 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 20.

Сайлау қорытындыларымен: Құлан ауылдық округінің әкімі болып Сейтжапаров Еркин Серикханович сайланды. 1982 жылы туған, Құлан ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны.

 

Қарақыстақ ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2711 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1599 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 43 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Далибаев Серикбай Бериккожаевич үшін сайлаушылардың 1211 дауысы берілді,

Жамбаев Биржан Ноянович үшін сайлаушылардың 166 дауысы берілді.

Раймбаев Газиз Куанышбаевич үшін сайлаушылардың 167 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 35.

Сайлау қорытындыларымен: Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі болып Далибаев Серикбай Бериккожаевич сайланды. 1963 жылы туған, Т.Рысқұлов аудандық ветеринария станциясының директоры, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны.

 

 

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июня 2024