Т.Рысқұлов ауданы Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтер әкімдігіне «AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Құлан ауылдық округіне Жапар Бекболат Әбітханұлы, 1993 жылы туған, Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, қазақ.
Құлан ауылдық округіне Сейтжапаров Еркін Серікханұлы, 1982 жылы туған, Құлан ауылдық округінің әкімі, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, қазақ.
Құлан ауылдық округіне Өскенбаев Көпжасар Төлегенұлы, 1971 жылы туған, Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің әдіскері, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, қазақ.
Қарақыстақ ауылдық округіне Дәлібаев Серікбай Берікқожаұлы, 1963 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеренария басқармасының «Т.Рысқұлов аудандық ветеренариялық станциясы» ШЖҚ КМК директоры, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, қазақ.
Қарақыстақ ауылдық округіне Жамбаев Біржан Ноянұлы, 1985 жылы туған, Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, қазақ.
Қарақыстақ ауылдық округіне Раймбаев Ғазиз Қуанышбайұлы, 1990 жылы туған, Құмарық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған, қазақ.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы