АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге
01.04.2024 жылғы жағдай бойынша шолу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 18 852,6 млрд теңге. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] (бұдан әрі - ЗА) 18 807,36 млрд теңге[2] болды.