АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың алғашқы 3 айындағы
таза инвестициялық кірісі шамамен 569,5 млрд теңге болды
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3% артық.