АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 1 тоқсанында « БЖЗҚ» АҚ көрсеткен қызметтер саны 18 миллионнан асты
01.01.2024ж. мен 31.03.2024ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 18,7 млн. астам қызмет көрсетті. Жүргізілген операциялардың ішінде 6,1 млн. астам қызмет электрондық форматта, ал автоматты түрде – 12,1 млн. қызмет, қашықтан 180 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, жүзбе-жүз 296 мыңнан астам қызмет ұсынылды. Оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде 279 мыңнан астам қызмет көрсетілді.