Т. Рысқұлов ауданы Құлан, Қарақыстақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Т. Рысқұлов  ауданы Құлан, Қарақыстақ ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов ауданында 2024 жылғы 2 маусымға:

-   Құлан ауылдық округінің әкімін;

-   Қарақыстақ ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалсын.

  1. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы Құлан, Қарақыстақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Құлан таңы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                                 М.  Тлепов

 

Хатшы                                                                                А. Садық

 

 

 

Құлан ауылы

2024 жылғы 24 сәуір

№4 шешім

 

Дата публикации
24 апреля 2024