АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 2 айында отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге көбейді
БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,5 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері олардың өсімі 01.03.2024 ж. 641 млрд теңгеден асты (3,6%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,4 трлн теңгеге немесе 22,3% өсті.
2024 жылдың 2 айында зейнетақы жарналарының сомасы 414,9 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,8% немесе 95,2 млрд теңгеге артық. Атап кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 23,8%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 22,9%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 66,8% бойынша орын алды.