|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқарулары туралы есепті enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер-Инвестициялық қызмет" бөлімінде ұсынады.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 509,38 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ)[1] есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 18 449,01 млрд теңгені[2]. құрады. ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі 18,5 млрд теңгеден асты.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 41,87 млрд теңгеден асты.
[1]міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан
[2] зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз