«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан бөлек, қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті. Ерекше атап өтейік: жарналарды төлеу жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды. 2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғайып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жетеді:
Маңызды жәйт: ЖМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмысшыларға аударылады. Бұл ретте қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
ЖМЗЖ-ны бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:
Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.