«ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылуға қалай өтініш беруге болады?
Егер куәлікті алғаш алғалы отырсаңыз, смартфоныңызда келесі құжаттар болуы керек: мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек, 073/е нысандағы медициналық анықтама, автомектептен оқыған болсаңыз оның куәлігі, қолтаңбаңыздың сканерленген көшірмесі, фотосуретіңіз. «ХҚКО» қосымшасындағы «Бейне қызметі » батырмасын басыңыз. Мұнда оператор сіздің жеке басыңызды куәландырады. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркеңіз. Оператор сіздің атыңыздан өтініш қалдырады. Өтініш берілген соң емтихан орны мен қолайлы уақытты таңдай отырып, мамандандырылған орталыққа келуді брондай аласыз.
Т.Рысқұлов аудандық Халыққа
Қызмет көрсету бөлімі