Сайлаушылардың тіркелген жері бойынша мекенжай тіркелім кодтарын (РКА) тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстарын ұйымдастыру туралы кеңес өтті
2024 жылғы 17 ақпан күні Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы Ж.Әбдіхалықов, облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы В.Калашников, «ҚР ОСК ИТО» РМК-ң облыс бойынша өкілі А.Асқарбеков, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Б.Ембаев, Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының облыстық филиал өкілдері, аудандар мен Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары (тізім бойынша) қатысты.