АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Заңнамаға 2024 жылы енгізілген өзгерістер
«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген бірқатар негізгі жаңашылдықтардың күшіне енгенін хабарлайды:
- «Ұлттық Қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру
01.01.2024 ж. бастап Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды. Оның шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтарына (нысаналы талаптарға қатысушыларға) жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады), сондай-ақ, жыл сайын осы сомаға инвестициялық кіріс есептеледі.