Азаматтық бюджет -Т.Рысқұлов ауданы 2024 жыл
Т.Рысқұлов ауданы – Жамбыл облысының оң түстігінде орналасқан. 1938 жылы құрылған. Аудан аумағы 9,1 мың кв.км. Аудан аумағында 42 елді мекен шоғырланған. Аудан орталығы Құлан ауылы, аудан тұрғындарының саны 67546 адам.
Т.Рысқұлов ауданы Қазақстан Республикасының оңтүстігінің динамикалық және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіпті-аграрлық өңіріне; Қытай мен Еуропа елдері арасында қолайлы көлік коридорына; аудан аумағынан Алматы-Ташкент автожолы және Луговой теміржол бекеті; өнеркәсібі дамыған бәсекеге қабілетті рельс дәнекерлеу ксіпорыны, ауылшаруашылық өнімдер, ет, сүт, дәнді дақылдар өмір деңгейі жоғары, дені сау және білімді тұрғындары бар өңірге; үлкен және кіші кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы бизнес-климаты бар өңірге; жергілікті биліктің біліктілігі және тиімділігі жоғары өңірге айналады (Ауданды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасынан).