АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы:
оған баланың қатысуы үшін заңды өкілдеріне не істеу керек?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Оның аясында Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. Оған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
2006 жылы және одан кейін туылған, оның ішінде қорғаншылық/қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері "Ұлттық қор –балаларға" бағдарламасына қатысуды кепілді түрде қамтамасыз ету үшін бүгін не істей алады: