Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Құлан ауылы                                 №1                    27 маусым  2023ж

 

 

Төрағалық етуші: Ә.Терлікбаев  – аудан әкімінің орынбасары;

Кеңес хатшысы: Н.Алтауева – аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі;

Кеңес отырысына қатысқандар: Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ Құлан ауылы №1 27 маусым 2023ж Төрағалық етуші: Ә.Терлікбаев – аудан әкімінің орынбасары; Кеңес хатшысы: Н.Алтауева – аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі; Кеңес отырысына қатысқандар: Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері. КҮН ТӘРТІБІ 1. Мемлекеттік тапсырыс беру туралы ұсыныстар мен Ереже талаптарын түсіндіру; 2. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан берілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы конкурстың жеңімпазы боп танылған ҮЕҰ-дың жүзеге асыратын әлеуметтік жобалары туралы ақпараты; 3. Әртүрлі мәселелер. ТЫҢДАЛДЫ: Н.Алтауева – аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысының у.м.а: Ауданда 13 қоғамдық бірлестік, 6 қоғамдық қор, 3 қоғамдық қайырымдылық қор, 5 мүгедектер қоғамдық бірлестігі, 3 корпоративтік қор, 1 жеке және заңды тұлғалар бірлестігі, 1 мекеме барлығы 32 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қоғамның нақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес секторға беру үшін азаматтық қоғам ұйымдарын мемлекеттік қаржыландырудың негізгі нысаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында аудандық бюджеттен ішкі саясат бөліміне іс-шаралар өткізу үшін ағымдағы жылы 5000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 3 тақырып бойынша конкурс өткізіліп, жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес барлық қоғамдық бірлестіктер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы мәліметті жыл сайын тапсырулары қажет. Ағымдағы жылы 7 үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 489-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті құжаттары аудандық сотқа жолданған. Нәтижесінде сот шешімімен барлық қоғамдық ұйымдарға ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды. ТЫҢДАЛДЫ: А.Мұқатаев - «KOMEK. DEMEY. KZ» қоғамдық қорының жетекшісі: Т.Рысқұлов ауданында алдағы уақытта төмендегі тақырыптар бойынша бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылатын болады. Атап айтсақ «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада, шахмат, дойбы, бильярд, тоғызқұмалақтан турнирлер, отбасы институтын қалыптастыру, патриотизмді арттыру мақсатында 3 кездесу, 2 семинар, «Терме» атты терме жарысы, «Баталы елге бақ қонар» атты батагөйлер жарысы ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданының 50 ардагерін Түркістан қаласына экскурсияға алып бару жоспарлануда. «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге ақпараттық - консультативтік, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету, оңату, бейімдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке кездесулер ұйымдастырылмақ. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданының 15 ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру кездесулер және 10 ауылдық округінде білім беру мекемелерінде (колледждер,мектептер) академиялық адалдық және парасаттылық бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылатын болады. СӨЙЛЕДІ: Б.Әліұлы – «Парыз» коғамдық бірлестігінің төрағасы: Ауданның 85 жылдығы аталып өтілетін болады. Осыған орай энциклопедия шығару қажет деп есептеймін, аталған кітапқа ауданның ғылымда, білімде, кәсіпкерлікте және де т.б салада жұмыс жасап жүрген азаматтардың жетістіктерін көрсетіп жазуды ұсынып отырмын. СӨЙЛЕДІ: Б.Мырзалиева- «Құлан нұры» коғамдық бірлестігінің төрайымы: Алдағы жылы Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында аудандық бюджеттен іс-шаралар өткізу үшін қарастырылатын қаражатқа, МӘТ тақырыптардын зерделеп, маңызды тақырыптар қою жұмыстарын жүргізу қажеттігін ұсынып отырмын. СӨЙЛЕДІ: Ж.Жиенбаева «Kulan.Taekwon-do.WT» коғамдық бірлестігінің төрайымы: Аудандағы жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсетіліп, «Ардагерлерді ардақтайық» бағытында Түркістан қаласына апару мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. ТЫҢДАЛДЫ: Ә.Терлікбаев – аудан әкімінің орынбасары: Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ: - Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының у.м.а Н.Алтауеваның, «KOMEK. DEMEY. KZ» қоғамдық қорының жетекшісі А.Мұқатаевтың ақпараттары назарға алынсын. 1. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне: 1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тақырыптарын 2023 жылға жасақтауда тиімділігі жоғары, нақты нәтижеге бағытталған ұзақ мерзімді әлеуметтік жобаларды қарастырсын; 2. Халықтың мұқтаждары мен қажеттілігін және қоғамның бағалауын ескере отырып, нысаналы топтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарласын; 3. Жоспарланған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарды көпшілік талқылауына және нәтижелерін бағалауға қатысуы туралы кеңінен ақпараттандыру бойынша жұмыстарын жүргізсін 4. Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестікті нығайтсын. Кеңес төрағасы Ә.Терлікбаев Кеңес хатшысы Л.Қалабаева
Дата публикации
15 декабря 2023