АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы негізгі көрсеткіштеріне шолу:
зейнетақы жинақтары бір жылда 21,7% өсті
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 3,1 трлн теңгеге немесе 21,7%, ал 2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында 2,5 трлн теңгеге немесе 17,4% өсті.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 21,4% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қарашада 16,7 трлн теңгеге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен 29,1% артып, шамамен 549,8 млрд теңгеге жетті.