АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы
өткен жылғы көрсеткіштен 89,3% мөлшерге асып түсті
2023 жылдың 10 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс – 1,23 трлн теңге. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 578,11 млрд теңгеге немесе 89,3% артық.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.11.2023ж. дейінгі жағдай бойынша 7,98% көрсетті.