Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында 35 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында 35 сайлау

учаскесі өз жұмысын бастады.

 

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Т.Рысқұлов ауданында пилоттық режимде аудан әкімінің сайлауыннда 1 – аумақтық, 35 – учаскелік сайлау комиссиялары қатысуда.

Ауданда сайлаушылардың саны 40378 құрап отыр, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар 1573, олардың 127-і дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет етеді.

Сонымен қатар, дауыс беру күні 3 елді мекенде 1 инватакси автокөлігінің қызметін ұйымдастыру жоспарланған.

Бұл шаралар мүгедектігі бар сайлаушылардың конституциялық құқықтарын толық қамтамасыз етеді.

Барлық сайлау учаскелері ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес толық жарақтандырылып, жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті құрал-жабдықтармен (телефон байланысы, интернет, қосымша электр генераторы т.б) қамтамасыз етілді.

Аудандық сайлау комиссиясының тарапынан барлық инфрақұрылымдық (урналар, кабина және кеңсе  тауарлары т.б.) қамтамасыз ету жұмыстары толығымен жүргізілген.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік сайлау комиссияларға белгіленген мөлшерде жеткізілді.

Аудан сайлаушылары сайлауға он күн қалғанда дауыс беру уақыты мен орны туралы БАҚ-та жарияланып, смс- хабарламалар таратылды.

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы сайлау учаскелерінде аудан әкімінің сайлауына дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 ноября 2023