ҚР сайлау туралы Конституциялық заңының және ӘҚБ туралы кодексінің талаптары бойынша оқу-семинары
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «ДАУЫС БЕРУ КҮНІ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» тақырыбы бойынша Т.Рысқұлов ауданының мәдениет үйінде аумақтық сайлау комиссияларымен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшыларына арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингте Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев, комиссия мүшесі Т.Жамалов және Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тлепов қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңының нормаларын түсіндіру бойынша дәрістер оқыды. Семинар барысында, сайлау күні сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде учаскелік сайлау комиссиялары заң талаптарында айқындалған міндеттерін қатаң сақтауды және заң нормаларына сәйкес жұмыс атқару қажеттілігі туралы нақты айтылды.
Сондай-ақ, оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар-тренингте 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленген Т.Рысқұлов ауданы әкімінің пилоттық сайлауының ашық өтуін және заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.