еGov.kz порталында жүргізуші куәлігін алуға өтінім беруге болады.

еGov.kz порталында  жүргізуші куәлігін алуға өтінім беруге болады.

Жүргізуші куәлігі-автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат. Бірақ куәлік мерзімі аяқталса,сіз тегіңізді атыңызды және әкеңіздің атын  өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек?

еGov.kz порталында жүргізуші куәлігін алуға өтінім беруге болады. Жүргізуші куәлігі-автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат. Бірақ куәлік мерзімі аяқталса,сіз тегіңізді атыңызды және әкеңіздің атын өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек? • еGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз. Ол үшін: • еGov.kz порталында «Азаматтарға; Көлік және коммуникациялар; Автомобиль көлігі; Жүргізуші куәліктерін беру қызметін таңдаңыз»; • өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде-неке қию туралы куәлігін, ал құжатты ұрлаған немесе жоғалтқан болсаңыз-АІБ-не анықтаманы тіркеңіз; • бажды төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Сонымен қатар,сіз аталған қызметті еGov mobile қосымшасынан ала аласыз: • «Қызметтер каталогы; Көлік жүргізу және көлік; Жүргізуші куәліктерін беру» қосымша бетін таңдаңыз; • Бұдан әрі жоғарыда аталған нұсқауларды орындау қажет. Қызмет көрсету мерзімі –бір сағаттан аспайды. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет Электрондық сұрау салу болып табылады.Бұл ретте өзіңізде: жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса,083-у нысанындағы медициналық анықтама болу қажет.
Дата публикации
03 ноября 2023