Нурлан Абдиров проверил готовность к выборам акимов районов Жамбылской области

Нұрлан Әбдіров Жамбыл облысының

аудан әкімдерін сайлауға дайындығын тексерді

 

 Ағымдағы жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пилоттық аудандар әкімдерінің сайлауына  дайындық  және оны өткізу барысын тексеру үшін жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына келді. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Ортсайлау комаппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Ауданымызда - ауыл жастарымен кездесіп, кездесу барысында       жастармен онлайн сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, респонденттердің 40,3%-ы қашықтықтан электрондық дауыс беруді енгізуді және 80%-ға жуығы ел Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі және лингвистикалық емтихан тапсыруы туралы талапты қолдап, дауыс берді; сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (61,2%) соттылығы бар азамат әртүрлі деңгейдегі сайланбалы лауазымдарға ұсыныла алмайды деп санайды. аудан әкім сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кеңеске қатысты.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшылары мен аудандық сайлау комиссиясы төрағасы, сайлауға дайындықтың барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ОСК төрағасы кеңеске қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлау заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлауды өткізу және қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Сонымен қатар, ҚР ОСК жауапты мамандары мен облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлық  деңгейіне бағалау жүргізілді.

Оқыту семинарлары аясында дәстүрлі түрде «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді, онда сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кейстік тапсырмалар ойналды, дауыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар мысалға келтіріліп, оларды шешу тәсілдеріне тиісті түсініктемелер берілді.

 

Дата публикации
23 октября 2023