ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 24 бабының 5-тармағына және 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 20 тармағына сәйкес Т.Рысқұлов ауданындағы әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушысы қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына олар дауыс беру басталардан 20 күн бұрын, яғни 2023 жылдың 15 қазаныңда Акт бойынша ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 26 бабының 1-тармағына және 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Жамбыл  облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 21 тармағына сәйкес азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, яғни 2023 жылғы 20 қазаннан бастап, берілетін болады.

 

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 октября 2023