Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылғы 11 шілдедегі облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңестің №60 хаттамалық тапсырмасының 4 тармағының негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2024 жылдың 04 қаңтар.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, №73 үй.
- Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.