АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй мен емделуге берілген
1,9 миллионға жуық өтінішті орындады
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге берілген 1,9 млн жуық өтінішін орындады. Олар бойынша уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарға шамамен 3,7 трлн теңге аударылды. Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.